Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Атамбаев резиденциясы. Екі шабуылдан соң
12 тамыз 2019 жыл, 11:13
Азаттық радиосы
Қираған дүние-мүлік, ыдыс-аяқ сынықтары, өртенген заттар... Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
1
Бішкек маңындағы Кой-Таш ауылындағы Алмазбек Атамбаевтың резиденциясының кіреберісі екі рет жасалған шабуылдан соң. Тергеушілердің үш рет шақыртуын елемеген Атамбаевты мәжбүрлеп апару үшін қауіпсіздік күштерінің арнайы жасағы 7 тамызда бұрынғы президенттің Кой-Таш ауылындағы резиденциясына келді. Оларға Атамбаевтың жақтастары қарсылық танытып, қақтығыс салдарынан арнайы жасақтың бір сарбазы қаза тауып, ондаған адам жараланды. Келесі күні күш құрылымдары тағы шабуыл жасап, бұл жолы Атамбаевты ұстады.
2
Атамбаевтың үйінің алды. Қазіргі билік Атамбаевты Кой-Таштағы резиденциясын салған жер телімін заңсыз алған деп айыптайды. Сонымен бірге оған президент болған кезде билікті теріс пайдаланған, соның арасында, кәнігі баукеспе Азиз Батукаевты заңсыз босатуға, Бішкек жылу энергетикалық орталығын жаңғыртуға бөлінген қаржыны жымқыруға қатысы болған, бұған қоса, заңсыз байыған деген айыптар тағылған. Атамбаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, олардың "саяси астары бар" деп мәлімдеген.
3
Алмазбек Атамбаев тұрған үйдің сынған терезесі. 27 маусымда Қырғызстан парламенті Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айырғаннан кейін бұрынғы президент негізінен Кой-Таштағы резиденциясында болды. Ол қаруы бар екенін және өзін ұстауға келсе қарсылық танытатынын мәлімдеді.
4
Шабуыл кезінде резиденция аумағындағы нысандардың бір бөлігі өртенді. Оның қазіргі көрінісі осындай.
5
Алмазбек Атамбаевтың үйінің ішкі көрінісі. Бір адам қаза тапқан алғашқы шабуылдан соң Атамбаев өзін қорғаған жақтастарында тас пен таяқтан басқа қару болмағанын айтқан еді. Кейін билік Атамбаевтың үйінен қару-жарақтың бірнеше түрі табылғаны туралы мәлімдеді.
6
2017 жылы президент қызметінен кеткеннен кейін Алмазбек Атамбаев Қырғызстанда қалатыны туралы айтқан. Бұрынғы президент сайлау кезінде сенім артып, белсенді түрде қолдау танытқан Сооронбай Жээнбеков билікке келді. Көп ұзамай екеуінің арасынан ала мысық өтіп, қарым-қатынасы нашарлап кетті. Уақыт өткен сайын Атамбаев пен Жээнбеков арасындағы тірес шиеленісе берді, екеуі бір-бірін сөгіп мәлімдемелер жасады. Атамбаев "саяси бәсекелес ретінде қудалауға түскенін" айтып, Жээнбековті айыптады. Қырғызстан билігі Атамбаевқа саяси астармен қысым жасалғаны туралы айыптауды жоққа шығарады.
7
Шабуылдан кейін.
8
Атамбаевты ұстағаннан кейін оның үйін тінтіді.
9
Қабырғадағы шамға ілінген екі ақ жейде. Атамбаевты ұстаған күні оның үстінде осыған ұқсас жейде болған.
10
Асүйдегі жихаздар мен сынған ыдыс-аяқ.
11
Алмазбек Атамбаевтың әкесінің бұл портреті "Мәңгілік полк" шеруіне ұстап шығу үшін жасалған болуы мүмкін. Бұрын СССР құрамында болған кей елдерде жылда 9 мамыр, Жеңіс күні осындай шеруге шығу дәстүрге айналған.
12
Резиденция аумағындағы бөлмелердің бірінде Атамбаевтың серіктерінің бірі, бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың портреті ілінген. Өткен жылы маусымда тұтқындалған Исаковқа Бішкек жылу энергетикалық орталығын жаңғырту кезіндегі жемқорлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында айып тағылған. Қазір осы іс бойынша биыл жазда парламент тиіспеушілік мәртебесінен айырған Атамбаевқа да айып тағылып отыр.
Атамбаев резиденциясы. Екі шабуылдан соң
Пікірлерді көріңіз
ПІКІРЛЕР
XS
SM
MD
LG
ПІКІРЛЕР