Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Гүлнар Дулатовамен қоштасу рәсімі өтті
20 ақпан 2013 жыл, 13:37
Қазақстан Жазушылары одағының үйінде Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Дулатованы ақтық сапарға шығарып салды. Алматы, 20 ақпан 2013 жыл.
1
Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Дулатовамен қоштасу рәсімі Қазақстан Жазушылар одағының үйінде өтті. Қаралы жиынға ондаған адам жиналды. Алматы, 20 ақпан 2013 жыл.
2
Қаралы жиында сөйлегендер (солдан оңға қарай): ғалым Мекемтас Мырзахметов, жазушы Нұрлан Оразалин, ғалым Серік Қирабаев, профессор Кенжеғали Сағадиев. Алматы, 20 ақпан 2013 ж.
3
Ғалым Мекемтас Мырзахметов кезінде Гүлнар Дулатовамен өзін Бауыржан Момышұлының таныстырғанын еске алды. Алматы, 20 ақпан 2013 ж.
4
Гүлнар Дулатовамен қоштасуға келген жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов (сол жақта), оның жанында мәжілістің бұрынғы депутаты Уәлихан Қалижан тұр. Алматы, 20 ақпан 2013 ж.
5
Міржақып Дулатов дүниеге келген Торғай өңірінің тумасы журналист Қайсар Әлім марқұм Гүлнар Дулатовамен қоштасу рәсімінде сөйлеп тұр. Алматы, 20 ақпан 2013 ж.
6
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин Гүлнар Дулатованың қазасына байланысты Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрінен, Қостанай облысының әкімінен, сондай-ақ парламент мәжілісінің депутатынан келген көңіл айту хаттарын оқып берді. Алматы, 20 ақпан 2013 ж.
7
Гүлнар Дулатовамен қоштасу рәсіміне бірқатар ақын-жазушылар қатысты. Алматы, 20 ақпан 2013 ж.
8
Гүлнар Дулатовамен қоштасуға келген жұртшылық өкілдері. Алматы, 20 ақпан 2013 ж.
9
Марқұм Гүлнар Дулатованың туыстары атынан медицина ғылымдарының докторы Сәтбек Мұсабеков сөйлеп, отбасының қайғысына ортақтасқан ел-жұртқа ризашылық білдірді. Алматы, 20 ақпан 2013 жыл.
10
Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Дулатованы соңғы сапарға шығарып салуға келгендер. Алматы, 20 ақпан 2013 ж.
11
Гүлнар Міржақыпқызы Дулатовамен қоштасу рәсімі өткен күні Жазушылар одағы үйінің бірінші қабатында қойылған марқмұның суреті. Алматы, 20 ақпан 2013 ж.
Гүлнар Дулатовамен қоштасу рәсімі өтті
Ұқсас
Алашорда кезеңінің қарсылық әндері
Ем таба алмай дертіне, «Оян, қазақ!» деп жар салған Міржақып Дулатұлы
Тұрсын Жұртбай: Қазақстанда жалғандық үстемдік құрып тұр
Ахмет Байтұрсынұлы және музыка
XS
SM
MD
LG