Трамптың президент ретіндегі екінші мерзімі қандай болмақ? Жақтастары Трамп АҚШ-тың қуатын қалпына келтіреді десе, сыншылары ол АҚШ демократиясының түбіне жетеді дейді.
Ауғанстанда тәліптер билікке келген соң елден кеткен мыңдаған ауған сарбазы Иранда тұрып жатыр. Көбі қара жұмыс істеп, қоқыс теріп кетуге мәжбүр болса, кейбірі Ресейдің жекеменшік әскери топтарының шақыруымен Украинадағы соғысқа қатысуға дайын екенін айтады.
2022 жылғы іс-әрекеттері үшін халықаралық санкцияларға тап болған Ресей мен Иран енді кіммен сауда жасамақ? Әрине, бір-бірімен және аластатылған кішігірім мемлекеттермен. Бұлар күш біріктіріп, Батыспен бәсеке жарыстыруға қабілетті ме? Сарапшылар ол күмәнді дейді.
17-19 қыркүйекте Ресейде парламент және жергілікті басқару сайлауы өтеді. Бірақ халық тәуелсіз ақпаратқа қол жеткізе алмауы мүмкін. Оған себеп көп. Соның бірі, учаскелердегі заңсыздықты анықтауға мүмкіндік беретін бейнебақылаудың болмауы.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына кіретін постсоветтік елдердің Ауғанстанмен шекарасы мың шақырымнан асады. Ұйым аймақты Ауғанстаннан төнген кез-келген қауіптен қорғамақ. Ал Қырымды аннексиялаған Мәскеудің бұл әрекетіне Орталық Азия елдері күмәнмен қарайды.
Ресей президенті Владимир Путин сайлаушылардың 40 пайызын құрайтын зейнеткерлер мен әскери қызметкерлерге бір реттік төлем тағайындамақ. Бірақ қаржыдан тарлық көрген халыққа бұл ақша парламент сайлауы өтпей берілмейді.
Беларусь билігі 23 мамырда Афинадан Вильнюске бара жатқан жолаушы ұшағын Минскіге мәжбүрлеп қондырып, ұшақтағы оппозициялық журналист Роман Протасевичті күштеп алып қалды. Биліктің бұл әрекетіне таңдана қоймаған журналист қасындағы жолаушыларға "Мені мұнда өлім жазасы күтіп тұр" деп айтқан.
Беларусь президентінің сайлауы бұрмаланды деп көшеге шыққан халық сайлау учаскелерінде қызмет еткен мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшіліктерін сынға алды.