Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Украина Шешенстандағы полктің казармасына дрон түскені айтылды. АҚШ-тың болжамынша, Ресей жақын күндері "Орешник" ракетасымен Украинаға соққы жасауы мүмкін. Венгрия премьері Виктор Орбан Зеленский Рождествода атысты тоқтатудан бас тартты дейді, Киев оның бұл сөзін жоққа шығарды.
Украина өзі жасап шығарған "Рута" ракетасын сынадық деп мәлімдеді. Беларусь авторитар лидері Александр Лукашенко ядролық қаруымыз бар деп мақтанды. Украинаның Запорожье қаласындағы клиникаға ракета түсті. Соғыстағы ахуал. 10-11 желтоқсан.
Германия оппозициясының лидері, жақын арада канцлер атанады деген Фридрих Мерц Киевке сапарлап, Украинаға қолдау білдірді. Нобель бейбітшілік сыйлығының иегерлері Путинге үндеу арнады. Зеленский Украина аумағында Ресейдің 800 мың сарбазы соғысып жатыр деп мәлімдеді.
Рамзан Қадыров Украинаның дроны Шешенстандағы полиция мекемесіне түскенін мойындады. Ресей жастарды көшеден, үйінен күштеп әскери комиссариатқа әкетіп жатыр. Зеленскийдің кеңесшісі Трамптың өкілдерімен кездесті. Соғыстағы 4-5 желтоқсандағы ахуалды шолып шықтық.
НАТО Украинаның инфрақұрылымын қорғау үшін әуе қорғаныс жүйелерін бермек. Ресей Украинадан 314 баланы мәжбүрлі түрде "асырап алған". Украиналық хакерлер Ресей милитаристік ұйым арқылы жасөспірімдерді соғысқа дайындағаны туралы ақпаратты қолға түсірді.
Украинаның НАТО-ға мүше болу мәселесі қызу талқылана бастады. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "әділ келіссөзге дайынбыз" деп мәлімдеді. Франция мен Ұлыбритания Украинаға әскер жіберуі мүмкін екені айтылды. Украинадағы соғыстың 2-3 желтоқсандағы ахуалына шолу.
22 қарашада Чехия астанасы Прагада қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің концерті болды. Концерт алдында әлемнің түпкір-түпкірінен, соның ішінде АҚШ, Аргентина, Мексика, Коста-Рика, Польша, Испаниядан келген тыңдармандары pre-party өткізді.
"Шыңжаң" газетінде журналист әрі аудармашы болып істеген, қазір Қытайда қамақта отыр делінген Жәнібек Жәудетұлының бауыры Азаттыққа хабарласып, ашық сұқбат беруге келісті. Астана тұрғыны Қуан Дыбанұлының сөзінше, бауырынан бір жарым жылдан бері еш хабар жоқ, ал жақындары ол туралы айтудан қорқады.
Қытайда 20-дан астам ұлты қазақ азамат ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Қамалғандардың дені Шыңжаңда көп жыл журналистикада, білім беру мен мемлекеттік қызметте істеген. Азаттық осы адамдардың кейбірінің Қазақстандағы туыстарымен сөйлесіп, мән-жайды анықтауға тырысты.
Ресей билігі Украина әскері Курскіде 28 елдімекенді бақылап отырғанын мойындады. Бұл аумақтан 121 мыңдай адам көшірілген. Украина президенті бұл операцияны «Путиннің ақыры» деп атады. Ресей президенті «Киев келіссөздегі салмағын арттыру үшін осындайға барып отыр» деп, бұл жағдайға Батысты айыптады.
1 тамызда арнайы комиссия ЛГБТ "насихатына" қарсы петиция авторларының талабын жария түрде талқылады. 50 мың адам қол қойған үндеуге негізгі жауапты ақпарат және мәдениет министрлігінің өзі талқы кезінде петицияны ішінара қолдады. Жиында екі тарап кезек-кезек сөйлеп, позициясын айтты.
Қазақстанда шілдеде сұйылтылған газ он пайызға қымбаттады. Энергетика министрлігі "бұл мәжбүрлі шара" деді. Себебі халыққа сатылатын газ бағасы "мұнай компанияларының шығынын ақтамайды" әрі "тапшылыққа да бағаның төмен болуы себеп" деп түсіндірді. Газдың қымбаттауы жөнінде жұрт не дейді?
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық елдерінің саммитін өткізіп, ұйым төрағалығын Қытай тарабына берді. Ұйым құрамына оныншы мемлекет болып Беларусь қосылды. Азаттық саммиттегі басты жаңалықтарды шолып, ұйымның геосаяси орны туралы сарапшылар пікірін білді.
Украина полициясы қастандыққа ұшыраған оппозициялық журналист Айдос Садықовқа оқ атты деп күдікке ілінгендердің ұсталғанын хабарлады. Олар Қазақстанның екі азаматы болып шықты. Бірі — 1991 жылы туған Мейрам Қаратаев, екіншісі — 1988 жылы туған Алтай Жақанбаев есімді азамат.
Ақтөбеліктер бес тәулік бойы іздеген аутизмі бар бала Кәрімнің мәйіті 8 маусымда Елек өзенінен табылды. Осыдан кейін "Аутизм Қазақстан" ұлттық қауымдастығы үш күн бойы аза тұтатынын хабарлады. Ақтөбедегі аутист балалар орталығы да кешелі бері аза тұтып отыр.
Астанада «есірткі сатты» деген күдікпен тағы бір белсенді ұсталды. Асанәлі Сүйінбаевтың жақтастары бұны «саяси қудалау» деп санайды. Бұдан бұрын белсенді Айдар Сыздықов осы баппен қамауға алынған. Бірақ ішкі істер министрінің орынбасары азаматтарды «саяси белсенділігі үшін ұстамаймыз» дейді.
Семейде тұратын 32 жастағы Темірбек Малғаждаров перзентханада ажырап қалған сыңарын іздеп жүр. Егіз ұл Аягөз перзентханасында туып, шешесі бас тартқан. Үлкенін әлдебір отбасы асырап алады. Ал Темірбек бөбектер үйінде өседі. Ол «бауырымның тірі жүргенін сеземін, онымен қалай да кездесуім керек» дейді
Ақтөбе облысында мыңнан аса адам екі айға жуық уақыттан бері эвакуация орталықтарында тұрып жатыр. Тасқын басталғалы үйлерін көрмеген. Олардың көбі — қаладан жер алуды, пәтер жалдауды қалтасы көтермей, жыл он екі ай саяжайда тұратын азаматтар. «Жағдайымыз жақсы болса да, көңіліміз алаңдаулы» дейді.
Үйін су басқан бір топ адам бүгін Ақтөбе әкімдігіне келіп, облыс әкімімен кездесуді талап етті. Олар «үйімізді су басқалы бір жарым ай өтсе де, шығын қалай өтелерін білмей отырмыз» дейді. Тұрғындарды әкімдік ішіне полиция жібермей тұрды. Әкім кездесуге шыққан жоқ.
Құлсарыда судың беті қайтып, тасқын құлатқан баспаналар үйіндіге айналған. 70 жастағы Амангелді Әбішев пен 63 жастағы Айгүл Ыстыбаева құлаған үйін көруге жиі келеді. «Ұзақ жыл пәтер жалдап, әрең соққан үйіміз еді, қартайғанда тағы да баспанасыз қалған ауыр екен» деп кемсеңдейді.
Тағы